НОРМАТИВТІК СӨЗДІК ЖАСАУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІ

Авторлар

  • Берікхан Иісбекұлы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Автор

Кілт сөздер:

нормативтік сөздік, терминология, терминография, құқықтық лингвистика, стандарттау, көптілділік, цифрлық база, терминологиялық жоспарлау

Аңдатпа

Мақалада нормативтік сөздік жасаудың халықаралық тәжірибесі мен Қазақстандағы отандық ізденістер терминологиялық жоспарлау, терминография, құқықтық лингвистика және цифрлық терминологиялық ресурстар тұрғысынан талданады. Зерттеудің эмпирикалық негізін 44 мемлекеттің тәжірибесі, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесіндегі деректер және терминологиялық стандарттау жөніндегі ғылыми әдебиеттер құрады. Негізгі мақсат – нормативтік сөздік әзірлеудің институционалдық үлгілерін жіктеп, Қазақстан жағдайында тиімді қолдануға болатын ғылыми-практикалық тетіктерді ұсыну. Талдау барысында орталықтандырылған модель, стандарттау моделі, заң ішіндегі негізгі ұғым моделі, цифрлық және көптілді модель, аралас және орталықсыздандырылған модель жеке-жеке сипатталды. Нәтижесінде нормативтік сөздік жасау тек сөздердің дұрыс жазылуын тіркеумен шектелмейтіні, ол терминдерді бекіту, дефиниция беру, құқықтық мәтіндегі ұғымдық бірізділікті сақтау, көптілді баламаларды үйлестіру және цифрлық база арқылы тұрақты жаңарту үдерістерін біріктіретін кешенді ғылыми-институционалдық жұмыс екені дәлелденді. Қазақстандық модельдің басты ерекшелігі – нормативтік құқықтық актілердегі негізгі ұғымдарды, Республикалық терминология комиссиясында бекітілген терминдерді және орфографиялық нормаларды бір ортақ платформада ұштастыру қажеттігі. Мақалада нормативтік сөздікті әзірлеуде термин + дефиниция қағидатын, көп сыңарлы терминдерді жеке зерттеу нысаны ретінде қарастыруды, кірме терминдерді қазақ тілінің орфографиялық жүйесіне бейімдеуді, сондай-ақ құқықтық мәтіндердегі орфографиялық және терминологиялық қателерді автоматты тексеру тетігін енгізуді ұсынамыз.

Автор өмірбаяны

  • Берікхан Иісбекұлы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті

    PhD, Лингвистикалық жұмыстар басқармасының бас сарапшысы

Әдебиеттер тізімі

1. Cabré, M.T. Terminology: Theory, Methods and Applications. Amsterdam/Philadelphia: John Benjamins, 1999. 248 p.

2. Sager, J.C. A Practical Course in Terminology Processing. Amsterdam/Philadelphia: John Benjamins, 1990. 254 p.

3. ISO/TC 37. Language and terminology. International Organization for Standardization. URL: https://www.iso.org/committee/48104.html

4. DIN Standards. Deutsches Institut für Normung. URL: https://www.din.de/en/about-standards/din-standards

5. TERMDAT – The Federal Administration’s terminology database. Swiss Federal Chancellery. URL: https://www.bk.admin.ch/en/termdat-the-federal-administrations-terminology-database

6. TERMIUM Plus®. Government of Canada terminology and linguistic data bank. URL: https://www.btb.termiumplus.gc.ca/tpv2alpha/alpha-eng.html?lang=eng

7. Antia, B.E. Terminology and Language Planning: An Alternative Framework of Practice and Discourse. Amsterdam/Philadelphia: John Benjamins, 2000. 264 p.

8. Orfografiyalyq sozdik / Comp. R. Syzdyq, K. Khusaiyn. Almaty: Arys, 2007. 480 p. [in Kazakh].

9. Syzdyq, R. Tildik norma zhane onyn qalyptanuy (kodifikatsiyasy). Almaty: El-shezhire, 2014. 292 p. [in Kazakh].

10. Qaidar, A. Qazaq terminologiyasyna zhanasha kozqaras. Almaty: Rauan, 1993. 43 p. [in Kazakh].

Жүктеулер

Жарияланды

2026-07-23

Журналдың саны

Бөлім

Терминология