Мұрағаттар

  • №1 (65) 2026
    Нөмір 1 № 1 (2026)

    «Тіл және қоғам» халықаралық ғылыми журналының 2026 жылғы бірінші саны. Бұл санда Ахмет Байтұрсынұлы еңбегіндегі функционалды грамматика көріністері, жасанды интеллект арқылы қазақ тілін меңгертудің тиімді жолдары, қазақ терминологиясындағы жарыспалылық құбылысы, Қошке Кемеңгерұлы аудармасындағы «Химия» оқулығы, қазақ әскери терминографиясының даму кезеңдері, академиялық жазуды оқыту әдістемесі, шетелдіктердің қазақ тілін игерудегі уәждері және тұрақты тіркестерді когнитивті-прагматикалық дамыта оқыту мәселелері қарастырылған.

  • №2 (66) 2026
    Нөмір 1 № 2 (2026)

    «Тіл және қоғам» халықаралық ғылыми журналының 2026 жылғы екінші саны. Бұл санда қазақ паремиологиясы мен цифрлық дискурс, топонимика, аударматану, терминология, нормативтік лексикография, тарихи синтаксис, әлеуметтік медиа лингвистикасы және қазақ ымдау тілі мәселелеріне арналған ғылыми мақалалар жарияланған.

  • №3 (67) 2026
    Нөмір 1 № 3 (2026)

    «Тіл және қоғам» халықаралық ғылыми журналының 2026 жылғы үшінші саны. Бұл санда Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығының текстологиясы, жасанды интеллект құралдары арқылы қазақ тілінің морфологиялық жүйесін аудару, қазіргі қазақ лексикасының неологизмдермен толығуы, «нұсқау» сөзінің семантикалық өрісі, биотехнология терминдерінің құрылымдық жүйесі, «Қазақша-орысша тілмаштағы» қос сөздер, қазақ тілін оқытудағы геймификация әдісі және этнографиялық лексиканы меңгерту мәселелері қарастырылған.