«ГҮЛІСТАН БИТ-ТҮРКІ» МӘТІНІ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТАРИХИ СИНТАКСИСІН ОҚЫТУ ТӘЖІРИБЕСІ

Авторлар

  • Айерке Сағынғалиқызы Зинедина Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Автор

Кілт сөздер:

тарихи синтаксис, Гүлістан бит-түркі, ескі қазақ жазба тілі, ретроспекциялық әдіс, функционалды-семантикалық әдіс, синтаксистік модель

Аңдатпа

Мақалада XIV ғасыр жазба ескерткіші «Гүлістан бит-түркі» мәтінін болашақ тіл мамандарына тарихи синтаксисті меңгертудің оқу материалы ретінде қолдану жолдары қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – көне жазба мәтінмен жұмыс істеуге негізделген әдістемелік жүйенің мазмұнын, кезеңдерін және оқу нәтижелерін сипаттау. Зерттеу материалы ретінде ескерткіштің эпилогындағы 15 жолдан тұратын 12 сөйлемді мәтін, А. Сейітбекова дайындаған транскрипция және тәжірибелік сабақ барысында алынған қорытынды тест нәтижелері пайдаланылды. Тәжірибелік жұмысқа 22 студент қатысып, олар мәтінді түсіну, сөзбе-сөз аудару, синтаксистік қатынасты анықтау, сөйлем моделін құрастыру және тарихи тұлғалардың қазіргі қазақ тіліндегі баламасын табу бойынша тапсырмалар орындады. Нәтижелер күрделі сөйлем моделін тану, қаратпа құрылымды ажырату және тарихи шылаудың қызметін анықтау дағдыларының жақсы қалыптасқанын, ал фразеологиялық тіркестердің ішкі синтаксистік байланысын, табыс септікті толықтауышты және салалас-сабақтас қатынастарды ажыратуда қосымша жұмыс қажет екенін көрсетті. Мақалада тарихи мәтінді оқытудың төрт кезеңді технологиясы, мәтін іріктеу қағидалары және ретроспекциялық әрі функционалды-семантикалық әдістердің тиімділігі ұсынылады.

Автор өмірбаяны

  • Айерке Сағынғалиқызы Зинедина, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы

    PhD, жетекші ғылыми қызметкер

Әдебиеттер тізімі

1. Abdilashimuly, D. (2016). Eski qazaq jazba tili [Old Kazakh written language]. Almaty: Eltanym. 240 p.

2. Tomanov, M. (1988). Qazaq tilining tarihi grammatikasy [Historical grammar of the Kazakh language]. Almaty: Mektep. 263 p.

3. Qordabaev, T. (1964). Tarihi sintaksis maseleleri [Issues of historical syntax]. Almaty: Gylym. 244 p.

4. Agmanov, E. (1986). Qazaq tilining tarihi sintaksisi [Historical syntax of the Kazakh language]. Almaty: Mektep. 112 p.

5. Seitbekova, A. (2024). Seyf Saraidyn “Gulistan bit Turki” jazba eskertkishi: sozdigi, transkriptsiyasy, audarmasy [The written monument Gulistan bit Turki by Seyf Sarayi: dictionary, transcription, translation]. Almaty: Asyl JK. 704 p.

6. Joseph, B., & Janda, R. (2003). The Handbook of Historical Linguistics. Oxford: Blackwell. 881 p.

7. Barðdal, J., & Eythórsson, T. (2012). Reconstructing Syntax: Construction grammar and the comparative method. In Sign-Based Construction Grammar (pp. 257–308). Stanford.

8. Igibaeva, V., & Dyusenbaeva, A. (2013). Jogary mektep pedagogikasy [Higher school pedagogy]. Oskemen: ShQMU baspasy. 147 p.

9. Gubaidullina, G. N. (2011). Pedagogikany oqytu adistemesi [Methods of teaching pedagogy]. Almaty. 328 p.

10. Gilmore, A. (2019). Materials and authenticity in language teaching. In The Routledge Handbook of English Language Teacher Education (pp. 299–318). Abingdon: Routledge.

11. Shunk, D. H. (2019). Oqytu teoriyasy: Bilim beru kokjiyegi [Learning theories: An educational perspective]. Almaty: Ulttyq audarma byurosy. 608 p.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-07-23

Журналдың саны

Бөлім

Тіл оқыту әдістемесі