ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТЕКСТОЛОГИЯСЫ

Авторлар

  • Әділет Қыдырбекұлы Таңсықбай Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау, Қазақстан Автор
  • Дәулет Қуандықұлы Шаяхимов Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау, Қазақстан Автор
  • Экрем Аян Мұғла Сыткы Кочман университеті, Мұғла, Түркия Автор

Кілт сөздер:

Шәкәрім Құдайбердіұлы, текстология, Қазақ айнасы, поэзия, қолжазба, көшірме, ғылыми-сыни басылым

Аңдатпа

Мақалада Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасын қалпына келтіру мәселесі алғашқы басылымдар, кейінгі жинақтар және көшіруші қолжазбалары негізінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – ақын шығармаларындағы мәтіндік айырмашылықтарды анықтау, олардың мағыналық және көркемдік құрылымға ықпалын бағалау, сондай-ақ авторлық мәтінді қалпына келтіруде алғашқы басылымдар мен қолжазба көшірмелерінің маңызын айқындау. Негізгі материал ретінде 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспаханасынан шыққан «Қазақ айнасы» жинағы, оның 1988-2023 жылдар аралығындағы басылымдары және ғылыми айналымға толық енгізілмеген Ш.Көрпебаев көшірмелері пайдаланылды. Зерттеуде салыстырмалы-текстологиялық талдау әдісі қолданылды. Түпнұсқадағы көмескі графемаларды нақтылау үшін факсимиле мәтіндері цифрлық өңдеуден өткізілді. Салыстыру нәтижесінде техникалық және орфографиялық қателермен қатар, шығармалардың мағынасына, ұйқас жүйесіне, поэтикалық тұтастығына және авторлық дүниетанымның берілуіне әсер ететін лексикалық, грамматикалық әрі композициялық өзгерістер анықталды. Зерттеу нәтижелері Шәкәрім шығармаларын қалпына келтіруде алғашқы басылыммен қатар көшіруші қолжазбаларын да кешенді пайдаланудың қажеттігін дәлелдейді және ақын мұрасының ғылыми-сыни академиялық басылымын әзірлеуге негіз болады.

Автор өмірбаяндары

  • Әділет Қыдырбекұлы Таңсықбай, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау, Қазақстан

    PhD, лектор

  • Дәулет Қуандықұлы Шаяхимов, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау, Қазақстан

    Филология ғылымдарының кандидаты, лектор

  • Экрем Аян, Мұғла Сыткы Кочман университеті, Мұғла, Түркия

    PhD, қауымдастырылған профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-14

Журналдың саны

Бөлім

Лингвистика және жасанды интеллект