ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ЦИФРЛЫҚ ДИСКУРСТАҒЫ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ БЕЙІМДЕЛУІ

Авторлар

  • Экрем Аян Мугла Сытки Кочман университеті Автор
  • Өркен Құрманәліұлы Әбдіров Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Автор

Кілт сөздер:

паремиология, паремиогенез, қазақ мақал-мәтелдері, мақал-мәтел трансформациясы, паремиологиялық фрейм, күту әсері, жасанды интеллект, үлкен тілдік модель, JSON

Аңдатпа

Мақалада қазіргі қазақ тіліндегі паремиогенез құбылысы цифрлық коммуникация кеңістігімен сабақтастырыла қарастырылады. Зерттеу материалдары ретінде дәстүрлі мақал-мәтелдер мен олардың интернет-дискурста кездесетін өзгерген нұсқалары алынды. Жұмыста мақал-мәтелдердің құрылымдық фреймінің тұрақтылығы, тыңдаушы санасындағы «күту әсері» және ескі мен жаңа құндылықтар қақтығысынан туындайтын прагматикалық жаңару сипатталады. Трансформацияланған мақалдар бұрмаланған, антитезалық және өтпелі мақалдар ретінде жіктеледі. Сонымен қатар мақал-мәтелдерді жасанды интеллект жүйелері мен үлкен тілдік модельдер үшін құрылымдалған дерек ретінде сипаттау қажеттігі негізделеді. JSON үлгісі арқылы мақалдың түпнұсқа нұсқасын, өзгерген формасын, логикалық моделін, семантикалық түсіндірмесін және прагматикалық қызметін белгілеу ұсынылады. Мұндай тәсіл қазақ тіліндегі түпнұсқа, өзгерген, ирониялық және уақытша мақалдық қолданыстарды ажыратуға, цифрлық ортадағы сенімді дерек қорын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяндары

  • Экрем Аян, Мугла Сытки Кочман университеті

    Ғылым докторы, филология факультеті заманауи түркі диалектілері мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі

  • Өркен Құрманәліұлы Әбдіров, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы

    PhD, жетекші ғылыми қызметкер

Әдебиеттер тізімі

1. Krikmann, A. Some Additional Aspects of Semantic Classification of Proverbs // Proverbium. – 1984. – Vol. 1. – P. 58-92. (in English).

2. Mac Coinnigh, M. The structural and logical classification of Irish proverbs // Proverbium. – 2012. – Vol. 29. – P. 231-310. (in English).

3. Mieder, W. Proverbs Speak Louder Than Words. – New York: Peter Lang, 2008. – 357 p. (in English).

4. Permyakov, G. L. Poslovitsy i pogovorki narodov Vostoka. – Moscow: Nauka, 1979. – 671 p. (in Russian).

5. Qaidar, Ä. T. Halyq danalyğy. – Almaty: Tolağai, 2004. – 560 p. (in Kazakh).

6. Qasabekov, E. Qazaq halqynyñ dındarlyq dästürıne şolu // edu.e-history.kz. – 2019. – Vol. 6, Issue 2. – P. 121-128. (in Kazakh).

7. Smağūlova, G. Maqal-mätelderdıñ leksika-semantikalyq erekşelıkterı. – Almaty: Ğylym, 1996. – 174 p. (in Kazakh).

8. Taylor, A. The Proverb. – Cambridge, Massachusetts: Harvard University Press, 1931. – 223 p. (in English).

Жүктеулер

Жарияланды

2026-07-23

Журналдың саны

Бөлім

Лингвистика және жасанды интеллект