НЕОЛОГИЗМДЕР АРҚЫЛЫ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЛЕКСИКАСЫНЫҢ ТОЛЫҒУЫ

Авторлар

  • Ғалияпану Қабиевна Резуанова Астана халықаралық университеті, Астана, Қазақстан Автор
  • Маржан Уәли Астана халықаралық университеті, Астана, Қазақстан Автор

Кілт сөздер:

неологизм, лексикалық неологизм, семантикалық неологизм, сөздік құрам, тілдік жүйе

Аңдатпа

Бұл мақалада қазіргі қазақ тілінің лексикалық жүйесінің неологизмдер арқылы толығу үрдісі кешенді түрде жан-жақты қарастырылды. Қазақ тілінде жаңа атаулардың пайда болуы жаңа қоғамдық-әлеуметтік қатынастармен, ғылыми-техникалық прогресспен, цифрлық технологиялардың дамуымен және мәдени-ақпараттық кеңістіктегі жаңғыруымен, жаһандану үрдерісімен тығыз байланысты екендігі нақты мысалдармен дәйектелді. Зерттеуде бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер, ғылыми-көпшілік басылымдар және күнделікті ауызекі сөйлеу тілінде белсенді қолданысқа енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері жинақталып, олардың пайда болу жолдары мен мағыналық құрылымы талданды. Авторлар жаңа атаулардың жасалу көздерін, лексика-семантикалық топтарын, тілдік нормаға айналу шарттарын және оларды кодификациялау мәселелерін арнайы сөз етті. Зерттеу нәтижесінде соңғы жылдары қазақ лексикасына енген неологизмдердің басым бөлігі ақпараттық технологиялар, экономика, медицина, білім беру және күнделікті тұрмыс салаларына тиесілі екендігі айқындалды. Мақалада тілдік бірліктердің тіл жүйесіне бейімделу заңдылықтары мен олардың сөздік құрамды байытудағы рөлі жан-жақты сараланды.

Автор өмірбаяндары

  • Ғалияпану Қабиевна Резуанова, Астана халықаралық университеті, Астана, Қазақстан

    ф.ғ.к., профессор

  • Маржан Уәли, Астана халықаралық университеті, Астана, Қазақстан

    2-курс студенті

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-14

Журналдың саны

Бөлім

Лингвистика және жасанды интеллект