«НҰСҚАУ» СӨЗІНІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ӨРІСІ: PROMPT ЖӘНЕ INSTRUCTION ҰҒЫМДАРЫ
Кілт сөздер:
терминология, терминожасам, нұсқау, prompt, instruction, жасанды интеллект, семантикалық өріс, баламаАңдатпа
Мақалада ағылшын тіліндегі prompt және instruction терминдерінің этимологиясы, семантикалық өрісі және қазіргі жасанды интеллект дискурсындағы қолданысы талданады. Зерттеудің мақсаты – осы ұғымдарды қазақ тілінде «нұсқау» сөзі арқылы берудің тілдік уәжділігін көрсету және аталған атаудың терминологиялық жүйедегі орны мен шектеуін айқындау. Материал ретінде ағылшын тілінің түсіндірме және этимологиялық сөздіктеріндегі анықтамалар, қазақ тілі түсіндірме сөздігінің деректері, Республикалық терминология комиссиясы бекіткен терминдер, сондай-ақ жасанды интеллект саласындағы қолданыс мысалдары алынды. Талдау барысында «нұсқау» сөзінің қимыл-әрекет ретін көрсету, бағыт беру, сілтеу, ақыл-кеңес және іске жетелеу сияқты мағыналық қырлары prompt ұғымының түрткі болу, мәтіндік тапсырма беру мағынасымен де, instruction ұғымының бағыттау, талап қою, үйрету семантикасымен де сәйкес келетіні анықталды. Сонымен қатар prompt пен impromptu сөздерінің этимологиялық тамырластығына қарамастан, қазіргі семантикалық өрісінің аражігі көрсетілді. Зерттеу қорытындылары жасанды интеллект саласындағы қазақша терминдерді ұлттық тілдің ішкі мүмкіндігі негізінде біріздендіруге бағытталған ұсыныс ретінде ұсынылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Ақжібек Нұрланқызы Ахмет

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 International License халықаралық лицензиясы бойынша қолжетімді.