ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЛЕКСИКАНЫ МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Авторлар

  • Фариза Сейдахметқызы Мұхтарова Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясы, Астана, Қазақстан Автор

Кілт сөздер:

этнографиялық лексика, қазақ тілін оқыту әдістемесі, лингвомәдени құзыреттілік, сөйлеу дағдылары, инновациялық әдістер, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект

Аңдатпа

Мақалада қазақ тіліндегі этнографиялық лексиканы меңгертудің ғылыми-әдістемелік негіздері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – этнографиялық бірліктерді мағыналық, контекстік және лингвомәдени тұрғыдан игертетін тиімді әдістер мен тапсырмалар жүйесін ұсыну. Зерттеуде қазақ тілін оқыту әдістемесіне арналған еңбектер, нормативтік құжаттар, түсіндірме және тұрақты тіркестер сөздіктері, сондай-ақ цифрлық білім беру платформалары пайдаланылды. Зерттеу барысында теориялық талдау, жинақтау, сипаттау, лексика-семантикалық және контекстік талдау, салыстыру, жіктеу, әдістемелік модельдеу әдістері қолданылды. Нәтижесінде этнографиялық лексиканы меңгертудің бастапқы, орта және күрделі деңгейлері айқындалып, әр деңгейге сәйкес сөздікпен жұмыс, мәтінді талдау, жобалық әрекет, мәдениетаралық салыстыру, «киіз үй», «пазл» әдістері жүйеленді. Тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым дағдыларын біріктіретін тапсырмалар кешені ұсынылды. Ұсынылған жүйе білім алушылардың сөздік қорын байытуға, этнотанымдық көзқарасын кеңейтуге, коммуникативтік белсенділігін арттыруға және тіл арқылы ұлттық құндылықтарды ұғынуына ықпал етеді. Зерттеудің тәжірибелік маңызы – ұсынылған тапсырмаларды қазақ тілі сабақтарында, таңдау курстарында, оқушылардың өзіндік жұмыстарында жүйелі қолдануға және педагогикалық тәжірибені жетілдіруге мүмкіндік беретіндігінде.

Автор өмірбаяны

  • Фариза Сейдахметқызы Мұхтарова, Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясы, Астана, Қазақстан

    PhD

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-14

Журналдың саны

Бөлім

Тіл оқыту әдістемесі