Журнал туралы

«Тіл және қоғам» халықаралық ғылыми электрондық басылым. Ол тіл мен қоғамның өзара ықпалдастығын зерттейді. Мемлекеттік тілдің өзекті мәселелерін кешенді қарастырады.

Басылым Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында шығады. Журналды Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тіл-Қазына ұлттық ғылыми-практикалық орталығы әзірлейді.

Мақсаты мен міндеттері

  • Ғалымдар арасында жоғары деңгейлі ғылыми диалог орнату.
  • Қазақ тілінің ғылыми әлеуетін халықаралық деңгейде таныту.
  • Ашық қолжетімді ғылыми контентті дамыту.

Негізгі ғылыми бағыттары

  • Лингвистика және жасанды интеллект.
  • Қазақ терминологиясының өзекті мәселелері.
  • Тіл оқыту әдістемесі.

Шығу форматы

  • Жылына 4 рет жарық көреді.
  • Қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде шығады.
  • Әр нөмірде кемінде 8 мақала жарияланады.

Академиялық этика

  • Материалдар міндетті түрде жасырын рецензиялаудан өтеді.
  • Мақалалар лицензиялық антиплагиат жүйесі арқылы тексеріледі.
  • Редакция алқасына халықаралық деректер қорында мақаласы бар ғалымдар тартылады.
  • Журналға қабылданған сапалы мақалалар тегін жарияланады. Авторларға белгіленген мөлшерде қаламақы төленеді.