ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫНДАҒЫ КӨНЕ ТОПОНИМДЕР

Авторлар

  • Әли Мұратұлы Байбосын ҚР Ұлттық музейі Автор
  • Қуанышбек Кәрімұлы Кенжалин Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Автор

Кілт сөздер:

лингвистика, топоним, тарихи атау, этимология, семантика, Шығыс Қазақстан, көне қабат, гидроним

Аңдатпа

Мақалада Шығыс Қазақстан өңіріндегі көне топонимдердің тілдік табиғаты тарихи-хронологиялық, этимологиялық және семантикалық тұрғыдан қарастырылады. Зерттеу нысаны ретінде қазақ мемлекеттігі дәуіріне дейінгі қабатқа жататын Арқат, Қалба, Берел, Шар, Қарагем, Үржар, Бұқтырма, Аягөз сияқты бірқатар оронимдер мен гидронимдер алынды. Мақаланың мақсаты – Қазақстанның шығыс аймағындағы көне топонимдерді лингвистикалық тұрғыдан саралап, топонимдік объектілерді атаудағы өлке этностары мен тілдердің қатысын анықтау. Зерттеу барысында қазақ топонимдерін тарихи-хронологиялық тұрғыдан дәуірлеген Т.Жанұзақ, Е.Қойшыбаев, Б.Әбдуәлиұлы, А.Әбдірахманов, Б.Бияров сынды ғалымдардың тұжырымдары салыстырылып, атаулардың тарихи қабаты мен уәждік негізі талданды. Жер-су атауларының диахрондық өзгеру динамикасы нақты мысалдар арқылы айқындалды. Талдау нәтижесінде Шығыс Қазақстандағы көне топонимдердің бір бөлігі түркі-моңғол ортақ қабатына, бір бөлігі көне түркі гидронимиялық және оронимиялық терминдеріне, енді бір тобы табиғи-географиялық белгіге негізделетіні көрсетілді. Арқат, Қалба, Шар тәрізді атауларда моңғол және түркі-моңғол ортақ элементтері байқалса, Берел, Қарагем, Аягөз, Бұқтырма атауларында су, тау, түс, ағыс, жер бедері сияқты географиялық белгілердің атау жасауға қатысы анық көрінеді. Мұндай атаулар белгілі бір этностың ғана емес, өңірде ұзақ уақыт бойы қабаттасқан тілдік, тарихи және мәдени үдерістердің куәсі ретінде бағаланады. Мақала көне топонимдерді зерттеуде этимологиялық болжамды тарихи дерекпен, фонетикалық сәйкестікпен және географиялық сипатпен ұштастыра қарастыру қажеттігін көрсетеді.

Мақаланы гуманитарлық бағытта білім алушыларға, топонимия саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін ізденушілерге және тарихи ономастика мәселелерімен айналысатын мамандарға пайдалануға болады.

Автор өмірбаяндары

  • Әли Мұратұлы Байбосын, ҚР Ұлттық музейі

    PhD, ғылыми қызметкер, редактор

  • Қуанышбек Кәрімұлы Кенжалин, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    PhD, қауымдастырылған профессор

Әдебиеттер тізімі

1. Hough, C. Place Names//Encyclopedia of Language & Linguistics (Second Edition). – 2006. – № 2. – P. 613-620.

2. Ry`sbergen, K.K. Yltty`к onomastikany`n lingvokognitivtіk negіzderі. [Rysbergen K. Linguocognitive foundations of National onomastics] Almaty`: Dajk-Press, 2011. – 328 b.

3. Superanskaya, A.V. Chto takoe toponimika? Iz istorii geograficheskix nazvanij[Superanskaya A.V. what is this toponymy? History of Geographical Names]. – Moskva.: Izd- vo Librokom, 2014.– 178 s.

4. Zhanyzak, T., Ry`sbergen K. Kazak onomastikasy`: zhetіstіkterі men bolashaqy`[Zhanuzak T., Rysbergen. Kazakh onomastics: achievements and prospects].– Almaty`: Aziya, 2004. –128 b.

5. Zhanyzak, T. Kazak onomastikasy. Ataular syry 3 [Kazakh onomastics. Names secret 3]. Almaty: «Dajk-Press», 2007. – 524 p.

6. Koishybayev, E. Qazaqstannyn zher-su attary sozdigi [Dictionary of Kazakhstan’s geographical names]. Almaty: Mektep, 1985. 256 p.

7. Abdualiyly, B. Kazak toponimikasy (oқu kyraly) Kazakh toponymy (textbook)], (Nyr-Syltan: «Bulatov A.ZH.» ZHK, 2021. – 321 p.

8. Kazakstan. Ylttyk enciklopediya (5-tom) [Kazakhstan. National Encyclopedia (Volume 5)], Almaty: «Kazak enciklopediyasy», 2003. – 720 p.

9. Abdіrahmanov, A. Toponomika zhane etimologiya [Toponomy and etymology], (Pavlodar: S.Torajgyrov atyndagy Pavlodar memlekettіk universitetі, 2010. – 240 p).

10. Shipova, E. N. Slovar' tyurkizmov v russkom yazyke [Dictionary of Turkisms in Russian], Alma-Ata: Nauka, 1976. – 444 p.

11. Malyavkin, A.G. Istoricheskaya geografiya Tsentralnoy Azii: materialy i issledovaniya [Historical geography of Central Asia: materials and research]. Novosibirsk: Nauka, Siberian Branch, 1981. 336 p.

12. Biyarov, B. Zher-su attarynyn sozzhasamdyq ulgileri: monografiya [Word-formation patterns of land and water names: monograph]. Almaty: Memlekettik tildi damytu instituty, 2012. 460 p.

13. Zhanyzak, T. Zher-su ataularynyn anyktamalygy [Directory of land and water names], Almaty: «Oner» 2011. – 496 p.

14. Abdirakhmanov, S. Urzhar emes, Orzhar! [Not Urzhar, but Orzhar!] // Egemen Qazaqstan. URL: https://egemen.kz/article/177071-urdgar-emes-ordgar (accessed: 22.06.2026).

Жүктеулер

Жарияланды

2026-07-23

Журналдың саны

Бөлім

Лингвистика және жасанды интеллект