Қ. КЕМЕҢГЕРҰЛЫ РЕДАКЦИЯСЫН БАСҚАРҒАН «ҚАЗАҚША – ОРЫСША ТІЛМАШТАҒЫ» ҚОС СӨЗДЕРДІҢ ЖАСАЛУЫ
Кілт сөздер:
қос сөздер, сөзжасам, лексикография, терминология, қазақ тілі, қазақ тіл біліміАңдатпа
Мақалада Алаш қайраткері Қ.Кемеңгерұлының бас редакторлығымен 1925 жылы Мәскеуде жарық көрген «Қазақша-орысша тілмаш» еңбегіндегі қос сөздердің жасалу жолдары мен құрылымдық-семантикалық ерекшеліктері кешенді түрде зерттеледі. Қазақ тіл білімінің тарихында ХХ ғасыр басындағы лексикографиялық еңбектердің ұлттық тілді жүйелеудегі рөлі айрықша екені белгілі. Осы тұрғыдан алғанда, төл сөздіктеріміздегі мол тілдік фактілерді, соның ішінде сөзжасамдық және терминдік бірліктерді қазіргі ғылым парадигмасы аясында қайта саралау өзекті болып табылады. Зерттеу барысында сөздіктегі қос сөздердің қосарлану, қайталау және үндестік заңы, дыбыстардың алмасуы мен компоненттердің біріне дыбыс қосылуы секілді фонетикалық тәсілдер арқылы жасалу ерекшеліктері жан-жақты талданады. Сипаттамалық, салғастырмалы-тарихи және құрылымдық-семантикалық талдау әдістері арқылы сөздікте тіркелген қос сөздердің қазіргі қазақ әдеби тілінің сөзжасамдық нормаларымен сабақтастығы айқындалады. Сонымен қатар тілдің тарихи даму барысында қалыптасқан, жалпы заңдылықтарға бағына бермейтін айрықша қос сөздерге лексика-семантикалық тұрғыдан түсінік беріледі. Автор сөздіктегі қос сөздердің терминдік әлеуетін ашып, олардың тек лексикалық бірлік қана емес, белгілі бір ұғымдарды дәл білдіретін атаулар ретінде қызмет атқарғанын көрсетеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Айгерім Қожабекқызы Қожахмет

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 International License халықаралық лицензиясы бойынша қолжетімді.