ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАҢА ТЕРМИНДЕРДІҢ ЖАСАЛУЫ МЕН ҚАЛЫПТАНУЫ
Кілт сөздер:
жаңа термин, неологизм, неоним, терминжасам, қалыптану, кодификация, будан термин, қазақ тіліАңдатпа
Мақалада 1991-2021 жылдар аралығында қазақ тілінде қалыптасқан жаңа терминдердің жасалу жолдары, құрылымдық типтері және қалыптану сатылары қарастырылады. Зерттеу материалы ретінде салалық терминологиялық сөздіктер, бекітілген терминдер қоры, ұлттық корпус деректері және тәуелсіздік кезеңіндегі мерзімді басылым мәтіндері негізге алынды. Жаңа терминдер тілдің ішкі сөзжасамдық мүмкіндіктері, семантикалық жаңғыру, синтаксистік тіркесу, біріктіру, жұрнақ жалғау және халықаралық элементтермен будандасу тұрғысынан талданды. Сандық-статистикалық талдау нәтижесінде жұрнақ арқылы жасалған терминдердің үлесі 35,6%, семантикалық/лексикалық тәсілдің үлесі 32,7%, тіркесу арқылы жасалған атаулардың үлесі 15,3% екені анықталды. Бұл деректер қазақ тіліндегі жаңа терминжасамда морфологиялық және семантикалық тәсілдердің жетекші орын алатынын көрсетеді. Сонымен қатар мақалада терминнің ұсынылу, сарапталу, бекітілу, кодификациялану және қолданысқа ену сатылары сипатталып, жаңа атауларды білім беру жүйесінде меңгертудің маңызы негізделеді. Зерттеу нәтижелері қазақ терминологиясын жүйелеу, біріздендіру және оқыту тәжірибесінде қолдануға бағытталады.
Әдебиеттер тізімі
1. Boulanger, J.-C. (1979). Néonymie, néonymes et néologisme. Meta: journal des traducteurs, 24(4), 471-485.
2. Rey, A. (1976). La terminologie: noms et notions. Paris: Presses Universitaires de France.
3. Rondeau, G. (1981). Introduction à la terminologie. Québec: Gaëtan Morin.
4. Anesa, P. (2019). Lexical Innovation in World Englishes: Cross-fertilization and Evolving Paradigms. London.
5. Behera, B., & Mishra, P. (2013). The Burgeoning Usage of Neologisms in Contemporary English. Journal of Humanities and Social Science, 18(3), 25-35.
6. Syzdykova, R. (2014). Tildik norma zhane onyn kalyptanuy (kodifikatsiyasy). Almaty: El-shezhire. [in Kazakh]
7. Kurmanbaiuly, Sh. (2014). Kazakh terminologiyasy: zertteuler, okulyk, sozdik, bibliografiya. Almaty: Sardar. [in Kazakh]
8. Isaev, S.M. (1983). Kazakh adebi tilinin tarikhy. Almaty: Mektep. [in Kazakh]
9. Syzdykova, R. (Ed.). (1990). Kazakh leksikasyndagy zhana koldanystar. Almaty: Gylym. [in Kazakh]
10. Aitbaev, O. (1989). Kazakh terminologiyasynyn damuy men kalyptasuy. Almaty: Gylym. [in Kazakh]
11. Kaidar, A. (1995). Kazakh terminologiyasyna zhanasha kozkaras. Almaty: Rauan. [in Kazakh]
12. Kurmanbaiuly, Sh. (2023). Zhana ataular men koldanystar sozdigi. Almaty. [in Kazakh]
13. Resolutions of the Republican Terminology Commission under the Government of the Republic of Kazakhstan. Termincom.kz. [in Kazakh]
14. Kurmanbaiuly, Sh., Isakova, S., Mizamkhan, B. et al. (2019). Kazakh tilinin kirme sozder sozdigi. Almaty: National Translation Bureau. [in Kazakh]
15. Kusaiynov, A.K. (Ed.). (2014). Kazakh-Russian and Russian-Kazakh sectoral terminological dictionaries. Vol. 30. Almaty. [in Kazakh/Russian]
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Аида Еркеновна Аубакирова (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 International License халықаралық лицензиясы бойынша қолжетімді.