ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ГЕЙМИФИКАЦИЯ: «ТӨРТЕУ ТҮГЕЛ» ЖӘНЕ «СӨЗДІЛ» ОЙЫН ПЛАТФОРМАЛАРЫНЫҢ ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ
Кілт сөздер:
геймификация құралдары, тілдік дағдылар, цифрлық білім беру, ойын технологиялары, оқу мотивациясыАңдатпа
Мақалада қазақ тілі сабақтарында «Төртеу түгел» және «Сөзділ» платформалары білім алушының белсенді әрекетіне негізделген интерактивті цифрлық орта ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында геймификация құралдарының оқытудағы маңызы және аталған екі цифрлық платформаны қазақ тілі сабақтарында қолдану тәжірибесі мен лингводидактикалық мүмкіндіктері зерделенді. Платформалардың интерфейстік ерекшеліктері, тапсырмалар жүйесі және олардың тілдік дағдыларды (лексикалық қорды молайту, сөзжасам заңдылықтарын меңгеру, орфографиялық сауаттылық пен логикалық ойлауды дамыту) қалыптастырудағы тиімділігі сараланды. Педагогикалық тәжірибе-сынақ жұмыстары негізінде платформалардың студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттырудағы рөлі айқындалды. Зерттеу нәтижесі «Төртеу түгел» және «Сөзділ» платформаларының қазақ тілін меңгеру үдерісінің тиімділігін арттырып, оқу мотивациясын күшейтуге, білімді бекітуге, цифрлық құзыреттілікті дамытуға және интерактивті оқыту ортасын қалыптастыруға оң әсері жоғары екенін көрсетті.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Әлия Ахмедияқызы Данияр

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 International License халықаралық лицензиясы бойынша қолжетімді.