АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЕҢБЕГІНДЕГІ ФУНКЦИОНАЛДЫ ГРАММАТИКА КӨРІНІСТЕРІ

Авторлар

  • Меруерт Жұбанқызы Шакенова Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ғылыми-практикалық орталығы, Астана қ., Қазақстан Автор

Кілт сөздер:

Ахмет Байтұрсынұлы, функционалды грамматика, құрылымды грамматика, сөйлеу

Аңдатпа

Қазақ тіл білімінде функционалды грамматика ұғымдары ХІХ ғасырдың соңында ғылыми-теориялық бағытта қалыптасып, дами бастады. Функционалды бағытта зерттеулер, ғылыми еңбектер, терминдер мен жаңа лингвистикалық концепциялар пайда болды. Алайда, қазақ тілінің функционалды табиғаты, атап айтқанда контекст ішінде етістік тұлғаларының қызмет етуі туралы алғашқы ғылыми негізделген қағидаттарды Ахмет Байтұрсынұлы ұсынды. Бұл зерттеуде ғалымның сөз тұлғасы мен сөйлем құрылымына қатысты тұжырымдары қазіргі тіл біліміндегі функционалды грамматика концепцияларымен байланыстырылады. Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің грамматикасын жүйелеудегі қағидаттары сараланып, талдауға ұсынылады. Әр функционалды-семантикалық өрістің А. Байтұрсынұлының көрсеткен етіс пен рай категорияларымен байланыстыруы арқылы ғалымның еңбектері жаңаша қарастырылып, еңбектің түпкі мақсаты мен қағидаттары анықталады.

Автор өмірбаяны

  • Меруерт Жұбанқызы Шакенова, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ғылыми-практикалық орталығы, Астана қ., Қазақстан

    Педагогика ғылымдарының магистрі

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Лингвистика және жасанды интеллект