АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЕҢБЕГІНДЕГІ ФУНКЦИОНАЛДЫ ГРАММАТИКА КӨРІНІСТЕРІ
Кілт сөздер:
Ахмет Байтұрсынұлы, функционалды грамматика, құрылымды грамматика, сөйлеуАңдатпа
Қазақ тіл білімінде функционалды грамматика ұғымдары ХІХ ғасырдың соңында ғылыми-теориялық бағытта қалыптасып, дами бастады. Функционалды бағытта зерттеулер, ғылыми еңбектер, терминдер мен жаңа лингвистикалық концепциялар пайда болды. Алайда, қазақ тілінің функционалды табиғаты, атап айтқанда контекст ішінде етістік тұлғаларының қызмет етуі туралы алғашқы ғылыми негізделген қағидаттарды Ахмет Байтұрсынұлы ұсынды. Бұл зерттеуде ғалымның сөз тұлғасы мен сөйлем құрылымына қатысты тұжырымдары қазіргі тіл біліміндегі функционалды грамматика концепцияларымен байланыстырылады. Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің грамматикасын жүйелеудегі қағидаттары сараланып, талдауға ұсынылады. Әр функционалды-семантикалық өрістің А. Байтұрсынұлының көрсеткен етіс пен рай категорияларымен байланыстыруы арқылы ғалымның еңбектері жаңаша қарастырылып, еңбектің түпкі мақсаты мен қағидаттары анықталады.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Меруерт Жұбанқызы Шакенова

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 International License халықаралық лицензиясы бойынша қолжетімді.