ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕРДІ КОГНИТИВТІ-ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДА ДАМЫТА ОҚЫТУ (7-СЫНЫП)

Авторлар

  • Жайнагүл Жүсіпқызы Кабидуллиева Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан Автор
  • Айгүл Амантайқызы Сатбекова Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан Автор

Кілт сөздер:

фразеологизм, когнитивті-прагматикалық оқыту, антропоцентристік парадигма, дамыта оқыту, 7-сынып, когнитивтік даму, прагматикалық құзырет

Аңдатпа

Мақалада 7-сынып оқушыларына фразеологизмдерді когнитивті-прагматикалық тұрғыдан дамыта оқыту мәселесі қарастырылады. Зерттеу қазақ тілін антропоцентристік бағытта меңгертудің өзектілігіне сүйеніп, тұрақты тіркестердің оқушы санасында концепт қалыптастырушы, ұлттық-мәдени ақпаратты жеткізуші және бейнелі ойды белсендіруші күрделі тілдік бірлік ретіндегі мәнін айқындайды. 7-сынып оқулығындағы тұрақты тіркестердің ұлттық дүниетанымдық сипаты сараланып, оқушылардың когнитивтік қабілеті мен прагматикалық құзыретін дамытуға арналған әдістемелік ұсынымдар жасалады.

Автор өмірбаяндары

  • Жайнагүл Жүсіпқызы Кабидуллиева, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан

    2-курс магистранты

  • Айгүл Амантайқызы Сатбекова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан

    Педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Тіл оқыту әдістемесі