Материалдарды жіберу

Материалды жіберу үшін сізге Кіру немесе Тіркелу қажет.

Авторларға арналған нұсқаулық

Тегін жарияланым және DOI

«Тіл және қоғам» халықаралық ғылыми электрондық журналында сараптамадан (рецензиялаудан) оң өткен мақалалар тегін жарияланады. Әрбір мақалаға ресми Crossref DOI тағайындалады. Жоғары сапалы мақалалар үшін белгіленген мөлшерде қаламақы төленуі мүмкін.

Плагиатты тексеру талабы

Мақала лицензияланған плагиатқа қарсы жүйе арқылы тексеріледі. Мақаланы жариялау туралы соңғы шешім КП1–30% шекті мәндерінің шкаласы (түпнұсқалық кемінде 70-75%) сақталғанда және рецензенттердің оң бағасы болғанда ғана қабылданады.

1. Тақырыптық бағыттар мен жалпы талаптар

Журнал мемлекеттік тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында келесі бағыттар бойынша мақалаларды қабылдайды:

  • Лингвистика және жасанды интеллект (қазақстандық көлемді тіл моделін (LLM) жасау, цифрлық дискурс, мәтіндерді автоматты талдау);
  • Қазақ терминологиясының өзекті мәселелері мен салалық лексика;
  • Тіл оқыту әдістемесі (қазақ тілін мемлекеттік және екінші тіл ретінде оқытуды стандарттау мен сертификаттау);
  • Гуманитарлық, әлеуметтік және техникалық салалардағы мемлекеттік тілдің қолданылу мәселелері.

Мақалалар қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде қабылданады. Мақала материалын басқа тілдерге автоматтандырылған аударма бағдарламалары арқылы аударуға жол берілмейді.

2. Мақаланың көлемі мен техникалық параметрлері

  • Көлемі: негізгі мәтін көлемі аңдатпа, түйін сөздер, авторлар мен әдебиеттерді қоспағанда 2500-ден 3500 сөзге дейін (жалпы көлемі 5000 сөзден аспауы керек).
  • Қаріп: Times New Roman, кегль – 12 pt.
  • Жоларалық интервал: 1.0 (бірлік), азат жол (абзац) шегінісі – 1.25 см.
  • Парақ жиектері: жоғарғы және төменгі – 2 см, сол жақ – 3 см, оң жақ – 1.5 см.
  • Файл форматы: RTF немесе Microsoft Word (.docx).

3. Мақаланың құрылымы (IMRAD)

  1. ҒТАХР / МРНТИ / IRSTI индексі – жоғарғы сол жақ бұрышта.
  2. Автор(лар) туралы мәлімет: Аты-жөні (қою қаріппен), жұмыс/оқу орнының атауы, қаласы, елі, e-mail, ресми ORCID ID нөмірі (әрбір автор үшін).
  3. Мақаланың атауы – 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша), бас әріптермен, қою шрифтпен (15 сөзден аспауы тиіс).
  4. Аңдатпа (Abstract): 3 тілде, әрқайсысы 150–200 сөзден кем емес (300 сөзден аспайды). Мақаланың мақсаты, әдістері және негізгі нәтижелері баяндалады.
  5. Түйін сөздер (Keywords): 3 тілде, кемінде 5–8 сөз немесе сөз тіркесі.
  6. Кіріспе (Introduction): 400–600 сөз. Зерттеудің өзектілігі мен міндеттері.
  7. Зерттеу әдістері мен материалдары (Methods & Materials): 500–700 сөз.
  8. Талқылау мен бақылау (Discussion): нәтижелерді салыстырмалы талдау.
  9. Зерттеу нәтижелері (Results): ғылыми жаңалықтар мен нақты қорытынды деректер.
  10. Қорытынды (Conclusion): 500–700 сөз. Тұжырымдар мен тәжірибелік ұсыныстар.
  11. Алғыстар (Acknowledgements): қажет болған жағдайда қаржыландыру гранттары немесе қолдау білдірген ұйымдар көрсетіледі.
  12. Әдебиеттер (References): кемінде 10–15 атау. Шетелдік рецензияланатын басылымдардың еңбектеріне сілтемелер болуы құпталады.

4. Әдебиеттер тізімі және транслитерация

Әдебиеттер тізімі екі блоктан тұрады:

  • Әдебиеттер (жарияланым тілінде): ГОСТ 7.1–2003 талаптарына сәйкес мәтінде кездесу ретімен нөмірленіп беріледі. Мәтін ішіндегі сілтеме үлгісі: [3, 54].
  • REFERENCES (ағылшын тіліндегі транслитерация): мақала қазақ немесе орыс тілінде жазылған болса, халықаралық деректер базаларына (Scopus, Web of Science) индексациялау үшін әдебиеттер тізімі латын қарпіне транслитерацияланып, ағылшынша нұсқасы (References) бөлек ұсынылады. Мақала толық ағылшынша болса, транслитерация талап етілмейді.

Редакция мекенжайы мен байланыс:

Мекенжай: 010000, Астана қаласы, Сауран көшесі, 7А. «Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ.

Телефон: +7 (7172) 25-14-22

Электрондық пошта: info@tilqazyna.kz

Ресми веб-сайт: https://www.tilqogam.kz

Материалды редакцияға жіберер алдындағы дайындық тізімі

  • Материал түпнұсқа және басқа басылымда қаралмайды.
  • Қолжазба файлы рұқсат етілген форматта жүктелген.
  • Атауы, аңдатпасы және түйін сөздері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде берілген.
  • Барлық авторлардың метадеректері толық толтырылған.
  • Әдебиеттер тізімі бірізді рәсімделген.

Лингвистика және жасанды интеллект

Бөлім саясаты журналдың редакциялық алқасымен айқындалады.

Терминология

Бөлім саясаты журналдың редакциялық алқасымен айқындалады.

Тіл оқыту әдістемесі

Бөлім саясаты журналдың редакциялық алқасымен айқындалады.

Құпиялық туралы мәлімдеме

Бұл журнал сайтына енгізілген аты-жөндер мен электрондық пошта мекенжайлары тек осы журналдың мақсаттары үшін пайдаланылады және басқа мақсаттарға немесе басқа тұлғаларға берілмейді.