Қолжазбаларды қабылдау: «Тіл және қоғам» журналының 2026 жылғы кезекті сандары

2026-09-21

Құрметті зерттеушілер, оқытушылар және жас ғалымдар!

«Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ шығаратын «Тіл және қоғам» халықаралық ғылыми электрондық журналы 2026 жылғы кезекті сандарына авторлық қолжазбаларды қабылдайтынын хабарлайды.

Басым ғылыми бағыттар:
  • Лингвистика және жасанды интеллект: қазақстандық көлемді тіл моделін (LLM) жасау, цифрлық дискурс, мәтіндерді өңдеу және компьютерлік лингвистика;
  • Қазақ терминологиясы: салалық терминология мен лексикографияның қазіргі жағдайы және даму перспективалары;
  • Тіл оқыту әдістемесі: қазақ тілін мемлекеттік және екінші тіл ретінде оқытуды стандарттау мен сертификаттау;
  • Гуманитарлық және әлеуметтік салалардағы мемлекеттік тілдің қолданылу мәселелері.

Мақалалар қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде қабылданады. Журналда жариялау — толықтай тегін (No APC). Әрбір мақалаға ресми халықаралық Crossref DOI коды тағайындалады. Жоғары сапалы зерттеулер үшін қаламақы қарастырылған.

Мақала беру үшін сайтта тіркеліп, «Мақала тапсыру» (Submissions) бөлімі арқылы онлайн жүктеңіз.