Рецензиялау саясаты

Екіжақты «соқыр» рецензиялау (Double-Blind Peer Review)

«Тіл және қоғам» халықаралық ғылыми электрондық журналына түскен барлық қолжазбалар сапаны, ғылыми деңгейді және объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында міндетті түрде екіжақты құпия (соқыр) рецензиялаудан өтеді. Авторлар мен рецензенттер бір-бірінің жеке мәліметтерін білмейді.

1. Рецензиялау кезеңдері мен мерзімі

  1. Бастапқы сараптама (техникалық бақылау): жауапты хатшы қолжазбаның журнал бағытына, техникалық талаптарына (көлемі 2500–3500 сөз, IMRAD құрылымы) және түпнұсқалығына тексеру жүргізеді. Тексеру мерзімі — 3–5 жұмыс күні.
  2. Тәуелсіз сарапшылардың рецензиялауы: бастапқы тексеруден сәтті өткен мақалалар тақырып бойынша тиісті ғылыми дәрежесі бар (PhD, ғылым докторы немесе кандидаты) кем дегенде 2 (екі) тәуелсіз рецензентке жіберіледі. Рецензиялау мерзімі — 2–4 аптаны құрайды.
  3. Редакциялық алқаның қорытынды шешімі: рецензенттердің пікірлері негізінде бас редактор немесе редакциялық алқа мақаланы жариялау немесе қайта қарау туралы шешім қабылдайды.

2. Бағалау критерийлері

Рецензенттер қолжазбаны келесі өлшемшарттар бойынша бағалайды:

  • Тақырыптың өзектілігі және ҚР Мемлекеттік тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкестігі;
  • Ғылыми жаңалығы, зерттеу нәтижелерінің нақтылығы мен теориялық/тәжірибелік маңыздылығы;
  • Зерттеу әдістері мен материалдарының дұрыс таңдалуы;
  • IMRAD халықаралық құрылымына сай келуі;
  • Библиографиялық сілтемелердің толықтығы және шетелдік дәйексөздердің сапасы;
  • Плагиатқа қарсы тексеру нәтижесі (КП1–30% шегі, түпнұсқалық кемінде 70–75%).

3. Рецензенттің шешім түрлері

  • Қабылдау (Accept submission): қолжазба ешқандай өзгеріссіз жарияланымға ұсынылады;
  • Азғантай түзетулермен қабылдау (Revisions required): автор рецензенттердің ескертулерін 7–10 күн ішінде түзетеді;
  • Қайта өңдеу және қайта рецензиялау (Resubmit for review): материалға елеулі өзгерістер енгізіліп, қайта тексеруге жіберіледі;
  • Қабылдамау (Decline submission): ғылыми талаптарға сай келмейтін немесе этикалық нормаларды бұзған қолжазба жарияланымнан бас тартылады.

4. Апелляция тәртібі

Автор рецензенттердің қорытындысымен келіспеген жағдайда, жазбаша түрде дәлелді уәждерін көрсете отырып бас редактордың атына ресми апелляция хатын (info@tilqazyna.kz) жолдауға құқылы. Мұндай жағдайда мақала қосымша үшінші тәуелсіз сарапшыға жіберіледі.