ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БИОТЕХНОЛОГИЯ ТЕРМИНДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖҮЙЕСІ
Кілт сөздер:
биотехнология терминологиясы, терминологиялық өріс, терминтүзіліс, құрылымдық модель, калька, будан термин, біріздендіру, терминографияАңдатпа
Мақалада қазіргі қазақ тіліндегі биотехнология терминдерінің ұғымдық өрістері, құрылымдық модельдері және біріздендіру мәселелері қарастырылады. Зерттеу материалы ретінде қазақ тіліндегі биотехнология оқулықтары, оқу құралдары, глоссарийлер мен үштілді сөздік негізінде жинақталған 973 термин және 104 қысқартылған атау алынды. Терминдер терминологиялық өріс, құрылымдық-семантикалық, сөзжасамдық және терминографиялық талдау әдістері арқылы зерделенді. Нәтижесінде биотехнологияның терминдік қоры молекулалық-генетикалық биотехнология, гендік инженерия, жасушалық және ұлпалық биотехнология, иммунобиотехнология, экологиялық биотехнология, зертханалық-технологиялық әдістер сияқты негізгі өрістерден тұратыны анықталды. Құрылымдық тұрғыдан біркомпонентті және көпкомпонентті атаулардың арақатынасы шамалас екені көрсетіліп, терминтүзілісте халықаралық терминоэлементтер, қазақ тілінің қатыстық аффикстері, калькалау және будан модельдер қатар қолданылатыны дәлелденді. Оқу құралдарында кездесетін жасуша/клетка, ақуыз/белок, антидене/антизат, гендік инженерия/генетикалық инженерия сияқты вариантты қатарлар салалық терминдерді біріздендіру қажеттігін айғақтайды. Мақалада терминдерді нормалау үшін ұғымдық дәлдік, жүйелілік, тілдік норма, халықаралық сәйкестік және терминографиялық толықтық қағидаттары ұсынылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Кәмшат Қажымұқанқызы Жұбатханова

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 International License халықаралық лицензиясы бойынша қолжетімді.