ҚОШКЕ КЕМЕҢГЕРҰЛЫ АУДАРМАСЫНДАҒЫ «ХИМИЯ» ОҚУЛЫҒЫ

Авторлар

  • Лаура Наурызбайқызы Дәуренбекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан Автор

Кілт сөздер:

химия, термин, әдістеме, аударма, Алаш, химиялық терминология, Қошке Кемеңгерұлы

Аңдатпа

Мақалада Алаш қайраткері, ғалым Қошке Кемеңгерұлының қазақ ғылыми тілін, атап айтқанда химия терминологиясын қалыптастырудағы орны оның аудармасындағы «Химия» оқулығы негізінде зерттеледі. Оқулықтағы пәндік терминдер мен ұғымдардың аударылу ерекшеліктері, төл тілдің сөзжасамдық әлеуетін пайдалану шеберлігі, ғылыми аппаратты жүйелеу тәсілдері сараланады. Зерттеу нәтижесінде ХХ ғасыр басындағы қазақ ғылыми аудармасының дәстүрі, терминжасам қағидаттары және Қ. Кемеңгерұлының ұлттық ғылыми тілді орнықтырудағы концептуалды көзқарастары дәйектеледі.

Автор өмірбаяны

  • Лаура Наурызбайқызы Дәуренбекова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан

    Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Терминология