Журнал туралы
«Тіл және қоғам» — жылына 4 рет жарық көретін халықаралық рецензияланатын ғылыми электрондық журнал. Журналдың негізгі бағыттары: лингвистика және жасанды интеллект, терминология, тіл оқыту әдістемесі. Басылымда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде түпнұсқа ғылыми мақалалар жарияланады. Журнал академиялық адалдық қағидаттарын және ашық ғылыми коммуникация ұстанымдарын сақтайды.
Хабарландырулар
Қолжазбаларды қабылдау: «Тіл және қоғам» журналының 2026 жылғы кезекті сандары
Ағымдағы шығарылым
«Тіл және қоғам» халықаралық ғылыми журналының 2026 жылғы үшінші саны. Бұл санда Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығының текстологиясы, жасанды интеллект құралдары арқылы қазақ тілінің морфологиялық жүйесін аудару, қазіргі қазақ лексикасының неологизмдермен толығуы, «нұсқау» сөзінің семантикалық өрісі, биотехнология терминдерінің құрылымдық жүйесі, «Қазақша-орысша тілмаштағы» қос сөздер, қазақ тілін оқытудағы геймификация әдісі және этнографиялық лексиканы меңгерту мәселелері қарастырылған.